Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жол үстінде кино көрген 71 автобус жүргізушісі жазаланды

Павлодарда жол үстінде кино көрген 71 автобус жүргізушісі жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Тек жеті күннің ішінде жолаушылар таситын көлік жүргізушілерінің 400-ден астам ЖҚЕ бұзушылығы анықталды. Маневр ережелерін бұзғаны үшін 90 жүргізуші жазаланды, көлік басқарып келе жатып телефоннан кино көрген 71 жүргізуші анықталды, көбісі техникалық тексеруден өтпеген және автобусты заңсыз қайта жабдықтаған.

– Нәтижесінде, түрлі бұзушылықтар үшін мамандандырылған айыппұл тұрағына 23 автобус орналастырылды, сондай-ақ 28 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 244 автобустың техникалық сәйкестігін тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін автопарктердің 15 лауазымды тұлғасына қатысты ҚР ӘҚБК 617-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалды.

Мысалы, полицейлер Павлодар-Қызылорда автожолында заңсыз қайта жабдықталған ГАЗ 2217-404 көлігін тоқтатты. Полиция қызметкерлері автобусты пайдалануға тыйым салып, мемлекеттік нөмір белгісін алып, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізді.

Ал Павлодар қаласында Торговая көшесі, 4 мекенжайы бойынша Toyota көлігін басқарып, кептеліс жасаған жүргізуші ұсталды. Соңғысына қатысты ҚР ӘҚБК 594-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Ал ГАЗ-А65 маршруттық таксидің жүргізушісі қозғалыс кезінде қауіпсіздік белбеуімен бекітілмеген, ол үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша жаза қолданылды.

«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы 2 наурызда аяқталады, осыған байланысты полиция автобустар мен маршруттық такси жүргізушілерін жол жүру ережелерін бұзбауға, жолаушылармен сыпайы болуға, рульде қырағы болуға және жолдарда өзара құрмет көрсетуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру