Павлодарда жол жүру ережелерін бұзушыларға бірден 8 хаттама толтырылды
Павлодарда жол жүру ережелерін бұзушыларға бірден 8 хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
@Bpp_up директіне күн сайын жол қозғалысына қатысушылардың бұзушылықтары туралы бейнежазба келіп түседі. Үш жүргізуші тарапынан жол жүру ережесін өрескел бұзғаны туралы видеоны павлодарлық жолдады.
Мәселен, Haval автокөлігін Естай көшесі – Назарбаев даңғылымен жүргізген жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған. Екінші жүргізуші Естай көшесі – Назарбаев даңғылы бойымен Hyundai автокөлігіг жүргізе отырып, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, қауіпсіздік белдігін тақпады. Үшінші жағдайда Тоyota көлігінің жолаушысы Естай көшесі – Назарбаев даңғылы бойымен келе жатқан көліктен жолаушы түсіп қалған. Ал жүргізушінің өзі көлікті жүргізу құқығынсыз жүргізіп, қауіпсіздік белдігін тақпады, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, жолаушыларды тасымалдай отырып, ЖҚЕ сақтамады.
– Жол жүру ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізушілер мен жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Әрбір полицей үшін басты мақсат ЖКО алдын алу, жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Полиция аймақ тұрғындары көбінесе жол жүру ережелерін бұзуға назар аударатынын және бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісетінін атап өтті. Полиция барлық бұзушылықтарға жауап береді, құқық бұзушыларды жауапқа тартады және тиісті жазбалардың астына түсініктеме қалдырады.
Павлодар полицейлері жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген заңдарды бұзбауға және әлеуметтік желілердегі лайк үшін құқық бұзушылыққа бармауға, өзінің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.