Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ЖШС қызметкері өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салған

Павлодарда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің қызметкері құны 2 200 000 теңге тұратын 20 тонна картопты талан-таражға салған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде абай болу керек, әйтпесе кейбір жұмысшылар өздеріне сеніп тапсырылған мүлікті өздері ұрлай алады. Осылайша, ұрлық жасады деген күдікпен Павлодар облысы ЖШС – нің бірінің қызметкері ұсталды, ол құны 2 200 000 теңге тұратын 20 тонна картоп заңсыз сатқан, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Полиция қызметкерлері аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру