Павлодарда жүргізуші әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті
Павлодарда жүргізуші әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 сәуір сағат 14.30-да Павлодар қаласының Торайғыров көшесі, 1/3 жанында Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі – 41 жастағы әйел көлік жүретін жолдың бойында келе жатқан 64 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО салдарынан жарақаттанған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды.
Полицияда атап өткендей, автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына апарылды. Тексеріс өткізілуде.
Айта кету керек, Павлодар облысы аймағында жылдың басынан 97 ЖКО тіркелген, олардың нәтижесінде 15 адам қаза болды, 147 жарақат алды. Полиция ЖҚЕ бұзу бойынша 28 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.