Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жылдамдық режимін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Павлодарда жылдамдық режимін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын облыс жолдарында полиция қызметкерлері жылдамдық режимін бұзған жүргізушілердің жолын кеседі. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген апат дұрыс таңдалмаған қозғалыс жылдамдығынан болады.

Әрбір жүргізуші жолдың әртүрлі бөліктерінде белгіленген жылдамдық шектеулерін сақтау өте маңызды екенін түсінуі керек. Биыл ғана жылдамдық режимін бұзған 39 596 жүргізуші жазаланды.

Мысалы, Қалқаман кентінің маңындағы Астана — Павлодар республикалық маңызы бар автожолында жүргізушісі 216 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан автомагистральда көзделген жылдамдық режимін бұзған көлік тоқтатылды.

Аталған бұзушылықты "Зерек" автоматты бағдарламалық кешені тіркеді, осы жүргізуші жауапқа тартылды.

”Заң және тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, полицейлер жылдамдық режимін және жылдамдықты шектеуді бұзбауды еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру