Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жылдамдықты бұзудың 3 мыңнан астам фактісі анықталды

Павлодарда ZEREK-2 жүйесінің көмегімен жылдамдықты бұзудың 3 мыңнан астам фактісі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жүргізуші тәртібін жақсарту мақсатында Павлодар облысындағы Павлодар - Омбы және Павлодар - Қалбатау автожолдарында ZEREK-2 жүйесінің сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істеуде. Бұл жүйе көлік құралдарының жылдамдығын автоматты түрде өлшеуге, құқық бұзушылықтарды тіркеуге, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тануға және деректерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістерінің бірыңғай тізіліміне жолдауға арналған. Бұл жағдайда айыппұл төлеу қажеттілігі электрондық тәсілмен тіркеледі.

Жыл басынан бастап ZEREK-2 жүйесі жоғарыда аталған жолдарда жылдамдық режимін бұзу бойынша үш мыңға жуық құқық бұзушылықты тіркеді. Нәтижесінде жалпы сомасы 47 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Мысалы Омбы- Павлодар автожолында BMW 540i xDrive автокөлігінің жүргізушісі белгіленген жылдамдықты айтарлықтай асып кеткен. Оның жылдамдығы сағатына 205 км болған, ал рұқсат етілген жылдамдық – сағатына 100 км. Яғни жүргізуші жылдамдықты сағатына 40 км артық асырған. Осы құқық бұзушылық бойынша 40 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік материал толтырылған.

Полиция департаменті қалада да, қала сыртында да көлік жүргізудің жоғары жауапкершілік пен тәртіпті талап ететінін еске салады. Жылдамдықты асыру тек жүргізушінің ғана емес, басқа жол қозғалысындағы қатысушылардың да қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ұмытпаңыз. Жылдамдық шектеулері – бұл жол қозғалысына қатысушылардың өмірін сақтауға мүмкіндік беретін маңызды шара.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру