Павлодардағы түрмеде камераларды қасақана бұзғаны үшін сотталғанға жаза мерзімі ұзартылды
Павлодардағы түрмеде камераларды қасақана бұзғаны үшін сотталғанға жаза мерзімі ұзартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекеттік айыптаушының принципті позициясына байланысты сот қылмыстық кодекстің 428-1-бабының 1-бөлігі (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі, тергеу изоляторларындағы және уақытша ұстау изоляторларындағы бейнебақылау жүйесін немесе оның компоненттерін қасақана жою немесе бұзу) бойынша сотталғанның кінәсін дәлелдеді.
Сотталған, ауыр қылмыстар үшін жазасын №45 мекемесінде (қауіпсіздігі орташа) өтеп жүріп, теріс мінез-құлықпен ерекшеленіп, қасақана екі бейнебақылау камерасын бұзып, белгіленген тәртіпті бұзу мақсатында әрекет етті.
Сот сотталушыны кінәлі деп танып, оған бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Осыған байланысты оның қамау мерзімі ұзартылып, оны қауіпсіздік деңгейі жоғары мекемеге ауыстырды.
– Белгіленген тәртіпті бұзу мақсатында ол бейнекамераны қасақана бұзды, біз сотталғандарға бұл жағдайдың қандай салдарға әкелетінін көрсету мақсатында сот шешімін көрсеттік, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Дархан Нажмиденов.