Павлодардағы түзеу мекемесінде Наурыз мейрамы аталып өтті
Павлодардағы түзеу мекемесінде Наурыз мейрамы аталып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлыстың ұлы күні мерекесін ҚР ҚАЖК АП-162/10 мекемесінде ерекше салтанатпен атап өтті. Мерекеге барлық ұжым белсене қатысты.
Іс-шараны мекеменің бастығы Нұрлан Тойғанбаев құттықтау сөзімен ашып, ұжымды келе жатқан атаулы мейраммен құттықтады.
Меркелік шара барысында әсем әндер шырқалып, биші қыздарымыз мың бұрала би биледі. Сонымен қатар, “Көрісу” – ерекше ыстық ықыласпен қауышу, “Беташар” сияқты салт-дәстүрлері көрсетілді.
Ұлттық ойындар да назардан тыс қалмады. “Асық ату”, “Бес табан” сияқты қазірде ұмыт бола бастаған ойындар ойнатылды. Осындай шаралардың арқасында салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындарымыз дәріптеліп, ұрпақтан-ұрпаққа жете бермек.