Павлодардың екі тұрғыны синтетикалық есірткімен ұсталды
Павлодардың екі тұрғыны синтетикалық есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту қажеттігіне баса назар аударды. Осы тапсырманы орындау үшін жедел уәкілдер Павлодар қаласындағы арнайы іс-шаралар барысында М.Жүсіп көшесіндегі үйдің ауласында 32 жастағы ер адам мен 26 жастағы әйелді ұстады.
Тінту барысында ер адамның сөмкесінен ақ түсті ұнтақ зат салынған полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді.
- Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде осы адамдардан өлшеп-орауға арналған заттар (флопиктер, электрондық сағаттар, изолента) алынды. Сараптама қорытындысы бойынша алынған зат - жалпы массасы 1,2 келіден асатын "А-PVP" синтетикалық есірткі заты. Күдіктілер Павлодар қаласының УҰИ-на қамалды, - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.