Павлодарлық алаяқ аңғал азаматтардың 100 млн теңгесін қалтасына басқан
Павлодар облысында қымбат бағалы автокөліктерді сатамын деген сылтаумен азаматтардың қаржысын қалтасына басқан алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 2021 жылғы 11 наурызда Павлодар қаласында жедел қызметкерлер алаяқтығы үшін іздеуде жүрген 1991 жылы туған азаматты ұстады. Ұсталған адамның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Оның алаяқтықтың тағы 40 фактісіне қатысы бар екені туралы ақпарат бар, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Полиция қызметкерлері күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.