Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер 15 литр қан тапсырды

Павлодарлық полицейлер 15 литр қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінен донорлық эстафетаны қабылдады.

Дәстүр бойынша қан тапсыру шаралары Павлодар облыстық қан орталығы және Қазақстан Қызыл Жарты Ай филиалымен бірлесе өткізіліп, игі дәстүрге айналып үлгерді. Акцияға барлығы 30 полиция қызметкері қатысып, 15 литрден астам қан тапсырды. Барлық процедуралар дәрігерлердің қатаң бақылауымен және қажетті сақтық шараларын сақтай отырып жүргізілді. Полиция қызметкерлері сауалнамадан және денсаулық жағдайына алдын ала диагностикадан өтті, оның нәтижелері бойынша барлығы дерлік қан тапсыруға жарамды болды.

– Менің ойымша, қан тапсыру – бұл өте маңызды іс-шара, өйткені кейде тіпті бір тамшы қан адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Жол-көлік оқиғалары, жазатайым оқиғалар, шұғыл операциялар – күн сайын мыңдаған адамдар қан құюға мұқтаж, ал полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған адамдарға әрдайым көмектесуге дайын, – деді Ирина Тимиргалиева.

Сондай-ақ, акцияға қатысушылар өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдаудың әлеуметтік акциясына қатысты: донорлар түскі ас үшін ақшалай өтемақыны «Жақсылық қоржынына» сыйға тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру