Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер ауыл тұрғындарына 500 келі көкөніс таратты

Павлодарлық полицейлер ауыл тұрғындарына 500 келі көкөніс таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Шарбақты ауылының тұрғындары үшін кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, оған полицейлер де қатысты.

– Акция барысында Шарбақты ауданының тәртіп сақшылары халыққа картоп пен сәбізді тегін таратуды ұйымдастырды. Бұлтты ауа-райына қарамастан, көкөністерді алғысы келетіндер көп болды, тұрғындар ет, көкөніс және сүт өнімдерін сатып алуға келді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне біз барлығы 500 келі көкөніс сатып алдық. Барлық көкөністер таратылды, – деді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Рустам Қизатов.


Тәртіп сақшысы Шарбақты ауданының полицейлері “Игі істер” акциясына тұрақты түрде қатысып отыратының атап өтті. Мұқтаж отбасылар, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ аудан ардагерлері полицияның назарынан тыс қалмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру