Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер бір күнде азаматтық қару иелерінің 17 заң бұзушылығын тіркеді

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің бірінші күнінде полицейлер азаматтық қару иелерінің 17 бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Барлық құқық бұзушылар азаматтық қаруды сақтау ережелері мен тіркеу тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі бойынша (Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу) – 7 факті, 486-бабы бойынша 1-бөлігі -10 факті.

2023 жылғы 5 қыркүйектен бастап Павлодар облысының барлық аумағында өткізілетін осы профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – қару қолданумен жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары атыс қаруын заңсыз айналымнан алып тастауға баса назар аударды. Рейдтер барысында 10 бірлік заңсыз сақталған тіркелмеген қару тәркіленді: 3 қолөнер өндірісі және 4 бірлік газ қаруы, 3 бірлік тегіс ұңғылы қару.

Мысалы, 5 қыркүйекте Май ауданы ауылдарының бірінде ауыл тұрғынынан мылтықтың(револьвер), белгіленбеген маркасы (алдын ала газ) тәркіленді. Осы факті бойынша сараптама тағайындалды.

Тағы бір жағдайда, 5 қыркүйек күні Павлодар қаласында рейдтер барысында өзімен екі ұңғылы оқпанды мылтықтың кесіндісі бар, нөмірлері жоқ қала тұрғыны ұсталды. Сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ азаматтық қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзу фактісі анықталды. Алматы қаласының тұрғыны Павлодар облысына көшкен кезде Май ауданының полиция бөлімінде жаңа тұрғылықты жері бойынша азаматтық тегіс ұңғылды мылтықты есепке қоймаған.

Бұл факті ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабының 1-тармағына (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) сәйкес онда жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру