Павлодарлық полицейлер Даңқ обелискінде вандализмге күдіктіні ұстады
Павлодарлық полицейлер Даңқ обелискінде вандализмге күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Даңқ саябағындағы Мәңгілік алау жұлдызының зақымдануына Павлодар қаласының 39 жастағы тұрғыны күдікті.
– Қорлау сәуірдің 10-нан 11-не қараған түні шамамен сағат 4:00-де болғаны анықталды. Полиция вандализм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.
Полиция департаменті вандализм үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не қоғамдық жұмыстарға 160 сағатқа дейінгі мерзімге не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу арқылы жүзеге асырылатынын ескертеді.