Павлодарлық полицейлер діни қызмет туралы заңнаманы бұзудың 22 фактісін анықтады
Павлодарлық полицейлер діни қызмет туралы заңнаманы бұзудың 22 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар полицейлері діни қызмет туралы заңнаманы бұзудың 22 фактісін анықтады, оның ішінде экстремистік материалдарды сақтау – 11 факті, тіркелмеген діни бірлестікті құру мен оған басшылық етудің бір факті және діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де материалдарды заңсыз таратқаны үшін 10 фактінің жолын кесті.
Мысалы, Павлодар ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінің мониторингі барысында Павлодар қаласының тұрғынында діни сипаттағы материалдар, 300-ден астам жарияланымдар, бейнематериалдар анықталды. Олардың арасында жүргізілген дінтану сараптамасына сәйкес тыйым салынған материалдар болды.
– Бұл бұзушылық үшін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бабы (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, – деді Павлодар облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дәулет Макин.