Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер ескертеді: Жаяу жүргіншілер жол ережелерін сақтауы тиіс

Павлодарлық полицейлер жаяу жүргіншілерге жол ережелерін сақтау керектігін ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Статистикаға сәйкес, жаяу жүргіншілер – Павлодар аймағындағы жол қозғалысы ережелерін бұзушылардың бірі. Жаяу жүргіншілерге жол өткелінен өту кезінде мүмкіндігінше мұқият болу керек, ұялы телефонға алаңдамай, ең бастысы, көлік жүргізушілерінің байқағанына және жіберіп алғанына көз жеткізу қажет.

– Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы саны -71 624, негізгі үлесін жол қозғалысы ережелерін бұзу құрайды. Оны саны – 43 195. Бұл ретте 10 мың жылдамдық режимін сақтамаған жүргізушілер болып есептеледі. 4300-ден астам бұзушылық – жаяу жүргіншілер. Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жылдамдық режимін, сақтауға шақырады. Жолда барынша мұқият болу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру