Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер мереке қарсаңында балалар арасында сурет байқауын өткізді

Павлодарлық полицейлер мереке қарсаңында балалар арасында сурет байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық балаларды қорғау күні мен Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Ертіс ауданының полицейлері «Балалық шақ әлемі» тақырыбына суреттер байқауын өткізді.

– Бұл байқау балалардың шығармашылық қиялын жүзеге асыруға арналған болатын. Онда ешқандай шектеулер болған жоқ, балалар берілген тақырыпқа сурет салды. Байқауға ауданның барлық ниет білдірген балалары қатысты. Қазылар алқасының алдында күрделі міндет тұрды, өйткені әрбір сурет өзінше ерекше әдемі болып шықты, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әмір Сәдуақасов.

Қазылар алқасының құрамында Балалар өнер мектебі көркемдік бөлімінің педагогы Елизавета Шпортько, Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әмір Сәдуақасов және учаскелік полиция инспекторы Марат Жүсіпбаев болды.

Байқау қорытынды бойынша Інжу Саянова бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Ысқакова Інжу иемденсе, Ксения Мазитоваға үшінші орын берілді.

Барлық жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.Барлық қатысушылар мен қазылар алқасы жаңа эмоциялар алды. Іс-шара соңында құқықтық тәртіп сақшылары балаларды 1 маусым –  Балаларды қорғау күнімен құттықтап, тамаша демалыс, шығармашылық шабыт және бақытты қамсыз балалық шақ тіледі.

Өз кезегінде қатысушы балалар осындай жарқын іс-шара үшін полицейлерге алғыс айтып, оларға қызметте табыс тіледі. Балалар өз жұмыстарын полиция бөліміне үлкен қуанышпен сыйға тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру