Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салудың 4 фактісін анықтады

Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салудың 4 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақшамен жұмыс істеу барысында кейбір жұмысшылар біреудің ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап қоюға дағдыланады. Әдетте, адамдар кассадан ақшаны бірінші рет аз мөлшерде алады. Ұрлық байқалмаған жағдайда ондай адамдар өздерінің мұндай әрекеттерін қайталап жасайды. Кез-келген мүлік ысырап болуы мүмкін. Бірақ, түбінде барлық әрекеттер әшкереленеді.

– Қазіргі таңда Ақсу қаласының тұрғыны 130 000 теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдік бойынша ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру