Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер ПИК өкілдерімен тығыз байланыста

Павлодарлық полицейлер ПИК өкілдерімен тығыз байланыста, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның халықпен одан да тиімді өзара іс-қимылы, мәселелерді жедел шешу, сондай-ақ жедел жағдайды бақылау мақсатында 2019 жылдан бастап WhatsApp мессенджерінде топ құрылды, оның құрамына Павлодар қаласының аумақтық полиция бөлімдерінің жергілікті полиция қызметінің бастықтары, учаскелік инспекторлар және ПИК өкілдері кіреді.

Күн сайын чатқа ұсақ бұзақылық жасау, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу, аумақты абаттандыру ережелерін бұзу, тыныштықты бұзу, белгіленбеген орындарда темекі шегу, ит пен мысықтарды ұстау ережелерін бұзу және тағы басқа құқық бұзушылықтар туралы түрлі ақпарат түседі.

– Бұл байланыс әдісі айтарлықтай нәтиже береді. Полицейлердің ПИК-пен тығыз өзара іс- қимылының көмегімен жыл басынан бері 50-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мысалы, біраз уақыт бұрын ПИК өкілі учаскелік инспекторға Майра көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғыны өз подьезінің жанында құрылыс қоқыстарын жинап қойғаны туралы чатта хабарлады. Осы хабарламаны тексергеннен кейін учаскелік инспектор тәртіп бұзушыны анықтап, оған қатысты абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

Сондай-ақ, ПИК қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларына үйлерді аралау кезінде жәрдемдесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған буклеттерді, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторының визиткаларын таратуға көмектеседі. Бұдан басқа, учаскелік полиция инспекторлары күн сайын чаттарда тұрғын үй мен мүлікті ұрлықтан, алаяқтық әрекеттерден және т.б. қалай қорғау керектігі туралы профилактикалық сипаттағы ақпаратты орналастырады.

– Мысалы, 22 қантарда ПИК төрағасы полицейлерге Гагарин көшесіндегі үйдің қабырғасында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде есірткі сатушылардың байланыс деректері көрсетілген граффитидің қалдырылғанын хабарлады. Осыдан кейін полиция қызметкерлері бұл жазбаларды жойып тастады, – деп атап өтті Арман Қаптаев.

Айта кету керек, бұл чатта мәтіндік хабарламалардан басқа ПИК өкілдері, суреттер, бейне және аудиожазбалар жібере алады. Сондай-ақ, азаматтар полицияның жұмысы туралы ұсыныстар жасап, алғыс білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған чаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында құрылған, онда ол азаматтардың сұрауларына жедел және тиімді жауап беретін “Халық үніне құлақ асатын мемлекет'” тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру