Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер қоршаған ортаны шамадан тыс ластайтын автокөлік жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартуды жалғастыруда

Жыл басынан бері облыс полицейлері 440-қа жуық жүргізушіні шығарындыларында ластаушы застардың болуы нормативтерден асып кететін көліктерді пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсер ету дәрежесі бойынша автокөліктерден бөлінетін құрамында қауіпті химиялық қосылыстары бар газдар бірінші орында тұр.

Бүгінгі таңда басты міндеттердің бірі көліктердің еліміздің экологиясына зиянды әсерін барынша азайту болып табылады.

– Сондықтан полиция қызметкерлері басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, атмосфераға зиянды заттар шығарудың рұқсат етілген нормасынан асатын автокөлік құралдарын анықтау бойынша алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді. Жыл басынан бері Павлодар облысында 440-қа жуық жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөліктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы баптың талаптарына сәйкес құқық бұзушыға ескерту жасалады немесе екіден бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру