Павлодарлық полицейлер самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанды
Павлодарлық полицейлер самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр Полиция департаментінің қызметкерлері, спорт шеберлері Еркебұлан Егінбаев және Қобыланды Ишмаметпен кездесті.
Жақында жігіттер Қазақстан чемпионаты өткен Семей қаласынан жүлдемен оралды, онда Әлем және Азия чемпионатына іріктеу жүргізілді. Бұл күресте біздің қызметкерлер күміс пен қолаға ие болды.
Облыстың бас полицейі павлодарлық полицейлерге жылы лебізін білдіріп, спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын айтып, алдағы күрестерде жаңа табыстар тіледі. Сондай-ақ, Еркебұлан мен Қобыланды дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Полиция департаменті бастығының алғыс хатымен марапатталды.
– Барлық жеке құрам атынан және жеке өз атымнан осы жеңіспен құттықтаймын. Мен әрқашан біздің спортшы-полицейлердің өнерін үлкен қызығушылықпен тамашалаймын, – деді Василий Скляр.
Полиция департаментінің бастығы жігіттердің алдағы жоспарлары мен жаттығу шарттары туралы сұрады.
– Спортпен бала кезімнен айналысамын, барлық нормативтерді орындадым. Осы кезеңде мен жауынгерлік джиу-джитсудан және жауынгерлік самбодан спорт шеберімін, – деді Қобыланды Ишмамет.
Еркебұлан Егінбаевтың да спорт әлемінде жетістіктері көп. Бүгінде ол еркін күрес пен жауынгерлік самбодан спорт шебері.
– Олар әрқашан да адамдарға көмектесуге дайын, қызметте жігіттеріміз тәртіпті және әріптестер арасында үлкен құрметке ие, – дейді полиция қызметкерлері.
– Қызметке келген соң өткен чемпионаттан алған әсерлерімді әріптестеріме айтып бердім. Олардың қолдауларына әрқашан ризамын. Жерлестерім мен әріптестерімнің қолдауы мені әрдайым жаңа жетістіктерге жетелейді, – деді Еркебұлан Егінбаев.