Павлодарлық полицейлер ұрланған Toyota Camry көлігін анықтады
Павлодарлық полицейлер ұрланған Toyota Camry көлігін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іздеуде жүрген Toyota Camry маркалы автокөлігін павлодарлық жедел уәкілдер «Автомобиль” профилактикалық іс-шарасы барысында іздестірді, сонымен қоса, автомотокөлікті ұрлаудың үш фактісі және автомобильдерді ұрлаудың екі фактісі анықталды.
– Мысалы, Павлодар қаласында автовокзал ауданында павлодарлықтың басқаруымен Toyota Camry маркалы автокөлігі ұсталды. Тексеру кезінде бұл көлік полицияда ұрланған деп есептелгені белгілі болды. Иесі кепілде тұрған көлікті ер адамға кепілден шығару туралы жалған құжаттарды ұсына отырып, көлікті сатқаны анықталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Тексерумен ТҚС, жеке автошеберханалар, гараж кооперативтері, автотұрақтар қамтылды. Сондай-ақ полицейлердің ерекше назарында автоқұрастыру пункттері, автобөлшектерді өткізу орындары (АВТО базарлар, дүкендер), металл қабылдау пункттері тұр.
Мысалы, Екібастұз қаласында рейдтер барысында автобөлшектеуде ЖК бірінің гаражынан ұрланған КамАЗ маркалы автокөліктен ұрланған автобөлшектер табылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлермен ұрлық жасады деген күдікпен аталған ЖК-да жұмыс істеген екібастұздық ұсталды. Ер адам ұрланған қосалқы бөлшектерді бөлшектеу пункттеріне сатты.
«Автомобиль» жедел алдын алу іс-шарасы ағымдағы жылдың 16-22 тамыз аралығында автокөлік құралдарының ұрлануы мен айдап әкетулерін алдын алу, ескерту және ашу мақсатында Павлодар облысының аумағында өткізілетінін атап өткен жөн.