Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер жағалауда жүрген елікті өз мекеніне жіберді

Павлодарлық полицейлер жағалауда жүрген елікті өз мекеніне жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар жағалауында жүгіріп жүрген елік туралы полиция қала тұрғынының қоңырауынан білді. Оқиға орнына келген патруль жағалауда серуендеп жүрген азаматтарды қуанышқа бөлеген жануарды көрді.

– Павлодар полицейлері орман шаруашылығы және ветеринария инспекторымен бірге жануарды ұстап, денесін тексерді. Еліктің денесінен ешқандай зақым таппады. Содан кейін қаланың сирек қонағы Ертіс өзенінің жайылмасына автокөлікпен жеткізіліп, табиғи мекендеу ортасына жіберілді. Ерік-жігерді сезініп, оның өміріне ештеңе қауіп төнбейтінін түсінген елік қашып кетті, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция департаменті мұндай жағдайларда жабайы жануарды басқа жерге ауыстыруға және оған өз күшімен көмектесуге тырысуға кеңес берілмейтінін еске салады. «102» жедел арнасына қоңырау шалып, оның тағдырын құзыретті мамандарға тапсырған дұрыс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру