Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер жас жігітке жанып жатқан көліктен шығуға көмектесті

Павлодар облысының полицейлері жас жігітке жанып жатқан көліктен шығуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 3 қарашада сағат 17.30 шамасында  «Павлодар-Екібастұз» автожолының 10 шақырымында «Toyota-Emina» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі бұрылу кезінде «Ауди С-100» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ауди С-100» автокөлігі өртене бастаған.

Қатты соққыны естіп, жанып жатқан көлікті көрген полицейлер дереу оқиға орнына бет алған. Полицейлердің бірі оқиға орнына өрт қызметінің мамандары мен медициналық көмек шақырса, екіншісі жанып жатқан көлікке жүгірген.

Жолаушылардың барлығы дерлік көліктен шыға алған. Алайда аяғы орындық пен панельдің арасына қысылып қалған жас жігіт өздігінен көліктен шыға алмады. Өрт автокөліктің салонын шарпуына байланысты жарылыс қаупі болды, себебі машина газ балонымен жабдықталған.

Полиция қызметкері жігіттің аяғын босатып, оған жол жиегіне жетуге көмектесті. Машина бірнеше минут ішінде толығымен жанып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ауди С-100» автокөлігінің екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру