Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық тәртіп сақшылары белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сату деректерін тіркеді

Павлодар полиция қызметкерлері алкогольге қарсы заңнама саласындағы бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шараларды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тереңкөл ауданы Песчаное ауылындағы дүкендердің бірінде сатушының спирттің көлемдік үлесі 40% алкоголь өнімін сағат 11:10-да өткізу фактісі анықталды. Аталған факті бойынша дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 200-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тек бір тәулік ішінде тәртіп сақшылары белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сату бойынша бұзушылықтар мен лицензиясыз алкоголь өнімін сату фактілерін анықтады.

Басқа жағдайда Қарасұқ ауылының тұрғыны Песчаное ауылының тұрғынына белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатты, оған қоса, оның алкоголь өнімін сатуға лицензиясы болмаған. Ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 3-бөлімінің 200-бабы және 1-бөлімінің 463-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жіберілді.

Полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз сату айыппұл салуға және лицензиядан айыруға әкеп соғатынын ескертеді. Алкоголь өнімін заңсыз сату фактілерінің жолын кесу мақсатында тұрғындар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуға жол берілген жағдайлар туралы полицияға дереу «102» телефоны бойынша хабарлауы немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалануына болады.

Айта кету керек, ағымдағы жылы павлодарлық полицейлер алкогольге қарсы заңнаманың 119 бұзушылығын және лицензиясыз алкоголь өнімін сатудың 79 бұзушылығын анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру