Павлодарлық тәртіп сақшылары мас жүргізушіні ұстады
Павлодарлық тәртіп сақшылары мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен тәулікте Павлодар патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 115 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның 112-сі-жол қауіпсіздігін бұзу және үшеуі қоғамдық қауіпсіздіктің әкімшілік хаттамасы.
– Тұрақты ескертулерге қарамастан, адамдар ең қарапайым ережелерді де бұзады. Тек бір тәулік ішінде біз қауіпсіздік белдігін тақпаған 28 жүргізушіні анықтадық, 20 – жаяу жүргіншілерге жол бермегендер, 8 – маневр жасау ережелерін бұзғандар, 11 жүргізуші көлікпен жүріп бара жатып, телефонмен сөйлескендері үшін жауапқа тартылды – бұл тек аз ғана бөлігі, – деді Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының командирі Ринат Шарипов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, екі қала тұрғыны қоғамдық орындарда мас күйінде көрінді, енді біреуі абаттандыру ережелерін бұзды. Әрбір тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске сала кетейік, батальон полицейлері тәулік бойы тәртіп пен қылмыстың алдын алуға бағытталған барлық шараны жасап, біздің көшелердегі тәртіпті қадағалайды.
Мысалы, бүгін түнгі сағат 00.30-да қаланы патрульдеу кезінде Мүткенов-Геринг көшелерінің қиылысында өзімен бірге пышақ алып жүрген жас жігіт ұсталды. Алайда ол пышақты не үшін алып жүргенін тәртіп сақшыларына түсіндіре алмады. Одан әрі тексеру үшін қала тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді.
Біраз уақыттан кейін Лермонтов көшесінде тексеру үшін Nexia көлігі тоқтатылды, себебі оның жүрісі күдік тудырды. Шынымен де тәртіп сақшыларының күдіктері расталып, жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Медициналық куәландыру ол азаматтың алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесінде екенін көрсетті. Ақталуға себебі қалмаған жігіт досының туған күнін тойлап келе жатқанын мойындады. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылып, ал құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер 27 мас жүргізушіні ұстады.