Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық тұрғын көпқабатты үйдің лифтісінде дәрет сындырған

Павлодарлық тұрғын көпқабатты үйдің лифтісінде дәрет сындырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының абаттандырылуы мен тазалығы әрдайым полицияның жіті бақылауында. Тәртіп сақшылары келіп түскен әрбір қоңырауды мұқият пысықтап, тұрақты түрде профилактикалық рейдтер жүргізеді.

Биыл өңірдің 5091 тұрғыны осы саладағы заңнаманы бұзған, олардың әрқайсысы ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мысалы, бірнеше күн бұрын полицияға Н.Назарбаев даңғылындағы сауда павильонының жанында қоқыс-темекі тұқылдары мен азық-түліктің орауыштары шашылып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған сәйкес иесі дереу іргелес жатқан аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.

Осыған ұқсас абаттандыру ережелерін бұзу фактісі Ломов көшесіндегі көппәтерлі үйде болды. Үйдің тұрғыны лифтіге дәрет сындырған ер адамды анықтады. Жағымсыз суретті көрген павлодарлық бейтаныс жігіттің өркөкіректігінен шошып кетті. Сондықтан қоғамдық тәртіпті бұзушыны үйрету үшін ол үйден бір шелек су мен шүберек алып шығып, ер адамнан өз артынан жинап кетуді өтінді.

Сонымен қатар, үй тұрғыны “102” нөміріне қоңырау шалып, полицейлерге бұл туралы хабарлады.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адам өзінің асығыс әрекетін досына қонаққа келгенімен түсіндірді, бірақ ол үйде болмаған, ал төмен түсіп бара жатқанда биологиялық қажеттілік барлық этикалық ережелерді бұзды. Ол оқиға орнынан тез арада жасырынғысы келген. Алайда лифтті күтіп тұрған көпқабатты үйдің тұрғындары бұл теріс қылықтың куәсі болды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру