Павлодарлық тұрғын жалған нөмірмен жүргені үшін жауапқа тартылды
Павлодарлық тұрғын жалған нөмірмен жүргені үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда жүргізуші өзінің Тойота көлігіне жалған нөмірлік белгілерді орнатты.
– Бұл заң бұзушылықты патрульдік полиция батальонының полицейлері анықтады, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама жасады.
– Материал сотқа жіберілді. Нөмірлік белгілер алынып, автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Тек облыс орталығында батальон полицейлері тәулік бойы аулалар мен көшелерді патрульдеуді жүзеге асырады. Тәулігіне 100-ге жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның жартысы жол қозғалысы ережелерін бұзу.
Жүргізушілердің арасында бұзушылықтарды видеофиксациялау жүйелерін алдау үшін әртүрлі заңсыз амалдарға баратындар да бар. Кейбіреулер жалған нөмірлерді орнатса, ал басқалары мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жасырудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолданады. Бірақ мұндай әдістер заңсыз және олар үшін жауапкершілік қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының санкциясы 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды немесе 1 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді.