Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық тұрғыннан тіркелмеген қару тәркіленді

Павлодарлық тұрғыннан тіркелмеген қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Павлодар қаласындағы «Яблонька» бау-бақшасының маңында облыстық орталықтың 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Жеке тексеру кезінде ер адамнан бір оқпанды аңшылық мылтық, 28 калибрлі және 28 калибрлі 2 гильзаның кесіндісі табылды және тәркіленді.

– Жедел уәкілдер бұл кескіннің ішкі істер органдарында тіркелмегенін анықтады. Ер адам бұрын сотталған. Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыс жасауға қарудың қатысы бар-жоғын анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалды, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі. Полицейлер биыл облыста ІІО-да тіркелмеген 29 қару тәркіленгенін атап өтті. Барлық фактілер бойынша тергеу жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру