Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық жүргізуші бір күнде үш түрлі құқық бұзушылыққа жол берген

Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны бір күнде үш түрлі құқық бұзушылыққа жол берген,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ақсу қаласының полицейлері қаланы патрульдеу барысында Строителей көшесінде «ВАЗ 2114» автокөлігін байқаған, оның жүргізушісі көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай басқарып келе жатқан. Автокөлік тоқтатылып, тексеру кезінде жүргізушінің мас екендігі анықталды, медициналық куәландыру нәтижелері бұл күдікті растады. Сонымен қатар, жүргізушінің көлігі техникалық байқаудан өтпеген болып шықты,- деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Айдын Жүнісов.

Көлік тізгінінде отырған 35 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау), 590-бабының 10-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 608-бабының 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, материал сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру