Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық жүргізуші жол ережесін өрескел бұзған

Павлодарлық жүргізуші жол ережесін өрескел бұзған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Павлодар қаласында DAEWOO Nexia  автокөліктің жүргізушісі тарапынан бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалғаны түсірілген бейнежазба анықталды. Торайғыров көшесінде қозғалған көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл сигналына бағынбай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен.

- Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізушіге 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау мақсатында сотқа жолданды, – деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдерінің айтуынша, кейбір жүргізушілер жол жүру ережелерін өздерінің салғырттығынан бұзса, енді біреулері жауапсыздық танытып, "заң олар үшін жазылмаған" деп есептейді. Мұндай әрекеттер тек өздерінің ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Осыған орай, Павлодар облысының полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелерін қатаң сақтау және қауіпсіздік шараларын естен шығармау қажеттігін ескертеді.

Жүргізушілер жылдамдық режимін және көліктер арасындағы қашықтықты сақтауы тиіс. Сондай-ақ кенеттен басып озу, қайта құрылу және басқа да қауіпті маневрлар жасаудан аулақ болу арқылы жол-көлік оқиғасының алдын алуға болады.

"Заң және тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдарының басты ұстанымы. Бұл қағида азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған қызметтің негізі болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру