Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлықтар учаскелік инспектор жұмысына ризашылық білдірді

Павлодарлықтар учаскелік инспектор жұмысына ризашылық білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция инспекторының жұмысының сапасы ең алдымен тұрғындардың көзқарасынан байқалады. Қызметіне адалдықпен қараған учаскелік инспекторларға тұрғындар әлеуметтік желілерде де, департамент басшылығына жазған жеке хаттарында да ризашылықтарын жиі білдіреді.

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы атына Павлодар қаласының тұрғыны Таисия Ақберденова учаскелік полиция инспекторы Ризабек Төкебаевқа кезекті алғыс хат жолдады.

– Біздің учаскелік инспекторымыз – құқықтық тәртіп сақшысының жарқын үлгісі. Ол тұрғындармен әртүрлі мәселелер бойынша үнемі байланыста, тіпті WhatsApp-тағы үй чаты арқылы да өтініштерді қабылдап, дер кезінде шешімін табуға көмектеседі. Әр жағдайға жіті мән беріп, тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап қатады. Ризабек Маратұлының өз ісіне жауапкершілікпен қарауының арқасында біздің ауламыз бұрынғыдан да қауіпсіз әрі тыныш бола түсті. Үй тұрғындары учаскелік инспектордың қамқорлығын, қорғанысын шын мәнінде сезінеді, – делінген алғыс хатта.

Павлодар облысы полиция департаментінің басшылығы тұрғындардың жылы пікірлерін жоғары бағалай отырып, тәртіп сақшыларына білдірілген ризашылық пен қолдауға шын жүректен алғыс айтады. Мұндай сенім – полиция қызметкерлерінің қоғам алдындағы еңбегінің айқын көрінісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру