Павлодарлықтың 5 млн теңгесін иемденіп кеткен ресейлік Домодедово әуежайында ұсталды
Павлодарлықтың 5 млн. теңгесін иемденіп кеткен ресейлік Домодедово әуежайында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәскеу облысының жедел қызметкерлері алаяқтық іске күдікті мемлекетаралық іздеуде жүрген адамды Домодедово әуежайында ұстады.
– Бұл оқиға алаяққа қомақты соманы бере салып, зардап шеккен әйелге қатысты, – деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Анықталғандай, 2020 жылдың қаңтарында Ресей Федерациясы Омбы қаласының 60 жастағы тұрғыны Павлодар қаласына келіп, әйелмен танысқан. Оның сеніміне кіріп, бизнесті бірге құрамыз деген сылтаумен 5 млн. теңге ақшасын алған.
9 ай бойы бос уәделерден шаршаған әйел павлодарлық тәртіп сақшыларынан көмек сұрады. Жедел уәкілдермен дереу бағдарлар жасалып, барлық аумақтық және шекара маңындағы аудандар мен елдерге жіберілді.