Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлордарда «Автобус» жедел алдын алу шарасында 65 ЖҚЕ бұзылуы анықталды

Павлордарда «Автобус» жедел алдын алу шарасында 65 жол қозғалысы ережесінің бұзылуы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде құқық қорғау органдарының күзетшілері автобустар мен маршруттық таксилердің жүргізушілерімен орын алған 65 ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтады.

Бұзушылықтардың жалпы санынан маневр жасау ережелерін бұзған жүргізушілер көшбасшы болды. Олардың саны 26. Екінші орында – рульде телефонмен сөйлесуді ұнататындар. Бұзушылықтың бұл түрі бойынша 22 хаттама жасалды. Көлік құралын тиісті рұқсатсыз түрлендірген 9 жүргізуші үштікті жапты.

– Автобус жүргізушілері жолаушыларға қосымша орындықтар қоятын немесе керісінше алып тастайтын фактілер бар. Біз оларды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз, – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар жылдамдық режимін бұзған жүргізушілер, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу фактілері, міндетті сақтандыру полисінің болмауы анықталды.

Мысалы Mersedes benz  автобусын басқарып, тиісті рұқсатсыз түрлендірген. Атап айтқанда газ баллонды жабдық орнатқан. Келесі жағдайда Mercedes-Benz Sprinter  маршруттық такси жүргізушісі бұрылған кезде бұрылыс сигналын қоспады.

Басқа жағдайда жүргізуші Ford шағын автобусын сақтандыру шарты болмай басқарған. Павлодар облысының полиция департаменті «Автобус» профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 16 маусымына дейін жалғасатынын және жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын ұйымдарға, кәсіпорындар мен мекемелерге автобус жүргізушілерінің қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуіне ерекше назар аударуды ескертеді.

Жауапты тұлғалар тарапынан желідегі жүргізуші құрамын және автобустардың техникалық жай-күйін бақылауды күшейту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру