Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ПД: Ауа-райына байланысты күшейтілген режимде жұмыс істелуде

Ауа-райына байланысты төтенше жағдайлар мен жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін Ақмола облысының жолдарында 52 полиция посты қойылды,-деп хабарлайды Pоlisia.kz.

 

Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді.Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Баймұқанов мәлім етті. Спикердің ақпараты бойынша, полиция ведомствосының басшысы Арманбек Баймурзиннің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 7-9 ақпан аралығында ауа-райының нашарлауына байланысты департаменттің жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару нұсқасына ауыстырылды.

Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда елді мекендерден шығатын жолдарда 52 блокпост қойылды. Жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Автожол учаскелерін патрульдеу үшін қосымша экипаждар енгізілді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлығы 100-ден астам ақмолалық полицей жұмылдырылды.

Бүгінгі күні ауа райының нашарлауына және қар түрінде жауын-шашынның көп болуына байланысты:

-Нұр – Сұлтан қаласынан Щучинск қаласына дейін (республикалық маңызы бар “Петропавл-Нұр – Сұлтан” автожолы), “Көкшетау-Атбасар”, “Нұр – Сұлтан – Ерейментау – Шідерті”, “Щучинск – Зеренді”;

-Нұр-Сұлтан қаласынан Қостанай облысына дейін, “Нұр – Сұлтан-Қорғалжын”автоолындағы көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Полицейлер жүргізушілерді алыс сапарларға шықпауды, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламаларына назау аударуды сұрайды.

Амалсыз сапар кезінде міндетті түрде өзімен бірге жылы заттарды, жанар – жағар май материалдарының қорын, арқанды, күректі, авариялық тоқтату белгісін, шамды, ұялы телефондарға зарядтау құрылғыларын және бірінші кезекке қажетті заттарды алу қажет.

Брифинг барысында полиция полковнигі Серік Баймұқанов жүргізушілерге автомашиналар көп жиналған жағдайда патрульдік полиция күштерімен ұйымдасқан түрде ілесіп жүру үшін автоколонналар құрылатынын мәлімдеді.

Жүргізушілер белгіленген бірқатар талаптарды әрқашан бұзады. Бұл авариялық жағдайларды және жол көлік оқиғаларын тудыруы мүмкін.Тәртіп сақшылары жүргізушілерге ұйымдасқан колонналарды кесіп өтуге және жолын бөмеуге кеңес береді. Колонна басшысынан кейінгі арнайы автомобильді басып озуға қатаң тыйым салады. Осы талаптарды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді қырағы болуға, ауа-райының өзгерістерін қадағалауды, дауылды болжамдар туралы ескертулерді ескеруге, шақырады. Жолдағы қиын жағдайға тап болғанда “112” және “102”телефондары бойынша құтқару қызметіне хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру