Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ПД: үйден қашып кеткен 13 жастағы бала Алматыдағы сауда орталығынан табылды

Алматыда үйінен қашып кеткен 13 жастағы баланы сауда орталығынан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында Әуезов ауданының Полиция басқармасының ювеналды полициясының қызметкерлері жергілікті жедел-алдын алу шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

– Басты мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, заңды өкілдерінсіз түнде үйден тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандарды табу фактілерін анықтау, жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерді жасауға тартатын ересектерді анықтау, сондай-ақ, ішімдік пен темекі бұйымдарын кәмелетке толмағандарға сату фактілерін анықтау. Кешкі сағат 22.00 шамасында жүргізілген рейдтер барысында «Сити Плюс» сауда орталығының аумағында ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері 2007 жылы туған, Алматы облысы, Қарасай ауданының тұрғыны, үйін өз бетінше тастап кеткен және жергілікті полиция қызметкерлерінің іздеуінде жүрген кәмелетке толмаған Т.-ны анықтады, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Спикер Қарасай ауданындағы әріптестерінен баланың белгісіз жоғалып кетуі туралы хабарлама алғаннан кейін қызметкерлер бағыт-бағдар алғанын атап өтті.

– Қараңғыда жаңбырдан малынған баланы сауда орталығының аумағында ешкімге қарамай жүріп келе жатқанын байқап, оны бес күн бойы іздеп жүрген бала деп анықтады. Бала ата-анасына тапсырылды, олармен кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік бар екендігі туралы алдын-ала әңгіме өткізілді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтарды немқұрайлы болмауға және ересектермен бірге жүрмейтін балаларға назар аударуға шақырамын. Мүмкін дәл сол сәтте балаға үлкендердің көмегі мен қолдауы қажет болуы мүмкін, – деп қорытындылады Тұрсынбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру