Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл көшелерінің біріне эксперименттік жол белгісі салынды

Петропавл көшелерінің біріне эксперименттік жол белгісі салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда Сәтпаев көшесіндегі жолдың жүретін бөлігіне 1100 метрлік эксперименттік сары жол белгісі салынды. Полицейлердің өздері бастамашылық етті: әр аумақта жергілікті атқарушы органдармен қала көшелеріне жол белгісінің жаңа түстерін салып көру ұсынылды. Ашық түсті белгі жүргізушілердің назарын ерекше аударып, Жол жүрісі ережелері бұзушылықтарының саны едәуір төмендейді деп күтілуде. Петропавлда тәртіп сақшылары және қалалық әкімдік арасындағы келісім бойынша Бөкетов көшесінен (әскери комиссариат ауданы) Медведев көшесіне дейінгі (Петропавл темір жол көлігі колледжі ауданы) Сәтпаев көшесіндегі учаске таңдалды.

– Эксперимент жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, — дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Назар Байматов. — Нәтижелері бойынша РК заңнамалық актілеріне, сондай-ақ Жол жүрісі ережелеріне де тиісті өзгерістер енгізу жоспарлануда. Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту – әкімшілік полиция міндеттерінің бірі. Жыл басынан жол-техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері 3904 км. астам автомобиль жолдарын қамти отырып, 426 тексеріс жүргізді. 683 ақау анықталды, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 399 ұйғарым шығарылды, жолдардың жағдайын қадағалауға жауапты 75 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға жол-көлік инфрақұрылымдарын жақсарту мақсатында 48 ұсыныс жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру