Петропавл полицейлері 2 күнде тыныштықты бұзудың 25 фактісін тіркеді
Петропавл полицейлері екі күнде тыныштықты бұзудың 25 фактісін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлдықтар, негізгінен, мас көршілердің айғайына, түнде музыканың қатты қойылуына шағым жасап, түнде тыныштықты бұзу туралы арыздарымен полицияға жиі жүгінеді. Демалыс күндері шақыртулардың саны арта түседі. Мысалы сенбі және жексенбі күндері Петропавл полицейлері түнде тыныштықты бұзу фактісі бойынша 25 рет шақыртуға барған. Осындай жағдайлардың бірінде көрші үйлердегі тұрғындардың тыныштығын бұзған сауна әкімшісі жауапкершілікке тартылды.
Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садулов екі жағдайда да тыныштықты бұзуға жалға берілетін пәтерлер себеп болғанын атап өтті. Тәртіп сақшылары пәтер бюросының клиенттері заңнаманы сақтауға міндеттелетін шарт жасағандықтан, тыныштықты бұзу фактілері пәтерді шұғыл босатуға негіз болып табылатындығын еске салады.
Полицейлер жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзғаны үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделгенін естен шығармауды сұрайды.
Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында түнде тыныштықтың шырқын бұзған 2 567 адам жауапкершілікке тартылды.