Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері абаттандыру ережелерін бұзғандарға ескерту жасады

Жыл басынан Петропавл полицейлері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 263 ескерту жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтарда толассыз жауған қар коммуналдық қызметтерді, полицейлерді, жер үй тұрғындарын әбігерге салды. Учаскелік полиция инспекторлары үй-үйді аралап, абаттандыру ережелерін түсіндіруге қызу кірісті.

Учаскелік полиция инспекторларының басты мақсаты – қала тұрғындарына қарды уақтылы тазалау және шығару қажеттілігін түсіндіру. Жер үй тұрғындары қарды жолға шығарып тастап жатады. Бұл жүргізушілердің жүруіне кедергі жасайды, кейбір жағдайларда – жол-көлік оқиғаларына алып келуі мүмкін. Бұнымен қоса, жиналған қар көктемде еріп, су басу қаупін төндіреді. Сондықтан учаскелік инспекторлар кәсіпорын, дүкен, жер үй иелерімен түсіндіру жұмысын жүргізеді, ескертіп, хабарламаларды таратады.

Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садуловтың айтуынша, аталған жұмыста полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабын, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының “СҚО қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру ережелерін бекіту туралы” шешімін басшылыққа алады.

“СҚО қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру ережелерінің” 23-т. сәйкес жеке және заңды тұлғалар іргелес аумақты уақтылы тазалауы тиіс.2020 жылғы 12 айдың ішінде облыс орталығының аумағында абаттандыру ережелерінің 40 мыңнан астам бұзушылығы анықталды. Жыл басынан қаңтар айының басынан облыс орталығында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 263 ескерту жасалды. Егер бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанып жасалса, айыппұл салынады. Полицейлер барлық меншік түрлерінің кәсіпорын басшыларынан абаттандыру бойынша жұмысқа түсіністікпен қарауды және қарды уақтылы шығару бойынша қажетті шаралар қабылдауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру