Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері ағаштарды заңсыз кескен қала тұрғынын жауапқа тартты

Петропавл полицейлері ағаштарды заңсыз кескен қала тұрғынын жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйек күні Мещан орманы аумағындағы «Веснянка» саяжай қоғамдастығында ағаштарды кесу әрекеті петропавлдық әлеуметтік желілерде үлкен шу тудырды. Бұл жәйттің фотолары мен бейнежазбалары лезде тарап кетті. Бұл факті туралы Петропавл қ. әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының өкілдері қалалық полиция басқармасының Бірінші полиция бөліміне жүгінді. Тәртіп сақшылары тексеру жүргізді. Ағаштарды заңсыз кесу Петропавл қаласының 1961 жылы туған тұрғынына тиесілі саяжай учаскесі аумағында тиісті рұқсат құжаттарын ресімдемей жалданған жұмысшылармен жүзеге асырылғаны анықталды.

Аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін учаске иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 381-1-бабының 1-бөлігі (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша материал жиналып, шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру