Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері бір күн ішінде екі жоғалған баланы іздеп тапты

Петропавл полицейлері бір күн ішінде екі жоғалған баланы іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 наурызда полицияға жоғалған балаларды іздеп табу өтінішімен Петропавл қаласының бірден екі тұрғыны жүгінді. 11 жастағы бала анасы азық-түлікке кеткен кезде үйінен шығып кеткен. Полицейлер жасөспірімді бір сағаттың ішінде ойын-сауық орталықтарының бірінен тапты.

Түс кезінде тағы бір өтініш келіп түсті. Қала тұрғыны үшінші сыныпта оқитын баласының мектептен кейін жоғалғанын айтқан. Оның телефоны сол күні үйінде қалған екен. Алдымен ата-анасы баланы өздері іздестірген, Instagram арқылы хабарландыру таратқан.

Тәртіп сақшылары іздеуге ювеналдық және криминалдық полицияның жеке құрамын, сондай-ақ жаяу жасақтарды және автопатрульдерді тартты. Әлеуметтік желілерге хабарландырулар тарату үшін еріктілердің көмегіне жүгінді. Кешке қарай пабликтерде бала табылды және аман-есен үйіне оралды деген хабар тарады. Ол досының үйінде ойнап, қалып қойған екен.

– Абырой болғанда, жоғалған балаларды іздеудің соңы дәл осылай аяқталып жатады. Көбіне далада достарымен ойынға алданып кету, телефондарының қуаты таусылып қалу, не үйлерінде тастап кетуі себеп болады. Жасөспірімдермен қиындау, олар өздерін есейгендей сезінеді. Туыстары әбігерге түсетінін түсінбейді, телефондарын сөндіріп тастайды. Кейде заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған баласының қайда жүргенінен бейхабар болуы алаңдатады, – дейді Петропавл қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушева.

Мәселен, 9 наурызда он алты жастағы қалалық масаң күйде қоғамдық орында жүрген. Сол күні «Жасөспірім« жедел-профикалық іс-шарасы бастау алған болатын. Ювеналдық полицейлер рейдтер жүргізуге кірісіп кеткен. Басты назарда – ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар, жалға берілетін пәтерлер, демалыс базалары, саяжайлар.

ЖПІШ алғашқы күні жасөпсірімдердің түнгі уақытта үйінен тыс жерде болудың сегіз фактісі анықталды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған төрт ата-ана жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру