Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

Петропавл полицейлері дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 ақпанда кешкісін белгісіз ер адам Петропавл қ. шетіндегі азық-түлік дүкендерінің біріндегі сатушыны пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Әйелдің айтуынша, 30 мың теңгедей ақша қарақшының олжасына айналған. Қалалық ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара өткізуге кірісті. Сауда нүктесі бейнебақылаумен жабдықталмаған болатын. Криминалдық полиция қызметкері оқиға орнында жұмыс жүргізген кезде бұрын есірткімен заңсыз айналысқан, ұрлық және тонау жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 31 жастағы қала тұрғынын сипаттау және қылмыс белгілері бойынша таныған. Тексеру барысында оның аталған қылмысқа қатысы бары расталды. Ер адамнан пышақ алынды. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйдегі жағдайын анықтады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

– Барлық кәсіпкерлерге бизнес-объектілерді күзету мен техникалық нығайту бойынша шаралар қабылдауға кеңес береміз, – дейді Бірінші ПБ бастығының орынбасары Талғат Смағұлов. — Бейнебақылау қылмыстарды ашу процесін жеделдетіп қана қоймай, қылмыскерлерді ұстауға септігін тигізеді, бейнекамералармен жабдықталған сауда нүктелерінде мүліктік қылмыстардың жасалуы сирек орын алатынын атап өткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру