Петропавл полицейлері екі қалта ұрлығын ашты
Петропавл полицейлері екі қалта ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылғы 17 және 19 желтоқсан күндері қалалық Полиция басқармасына Петропавлдағы екі сауда объектілері аумағында әмиян ұрланғаны жөнінде екі арыз келіп түсті. Белгісіз қылмыскерлер сатып алушылардың ақша қаражаттарын, құжаттары мен банк карталарын «кәсіби» ұрлап кеткен. Келтірілген залал сомасы 15 және 50 мың теңгені құрады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жан-жақты жедел тексерістерден кейін Петропавл полицейлері қалалардың арасында гастрольдеп жүретін 21 және 25 жастағы қалта ұрыларының аталған ұрлықтарға қатыстылығын анықтады. Олардың бір-біріне туыстық қатынасы бар, бірге тұрады. Екеуі де бұрын ұқсас қылмыс жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олар Петропавл қ. ПБ қызметкерлерінің астанаға қызметтік іссапары барысында ұсталды.
– Екі қыз да келтірілген шығынды өтеуге дайын және жасаған әрекеттеріне өкініп отыр, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. – Бүгінгі таңда қалта ұрлықтары көп жасалмайтын ұрлық түрі екендігін атап өткен жөн. Барлық жерлерге бейнебақылау камераларын орнату және басқа да профилактикалық шаралар өткізу аталған қылмыс түрін жасау мүмкіндігін азайтады. Өткен жылы облыста 12 қалта ұрлығы тіркелді. Былтыр осындай 18 ұрлық жасалған, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 33%-ға төмен.