Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері мен волонтерлер балақайдың туыстарын іздестіруде

Петропавл полицейлері мен волонтерлер шамамен екі жастағы балақайдың туыстарын іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері мен волонтерлер баланың туыстарын іздестіруде. Шамамен екі жастағы балақайды кешкі сегіздерде Жұмысшы кентінен тауып алған. Жеке үйлер секторы ауданында жүгіріп жүрген баланы байқап қалған жергілікті тұрғын баланы патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне тапсырады.

Ювеналдық полиция қызметкерлері балақайға киім-кешектер, аяқ-киім және басқа да керек-жарақтарын жинап берді. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында. Полицейлер баланың ата-анасын іздестіруде.

– Баланың туыстары жайлы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 39-48-65 нөміріне немесе “102” арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз. Тәрбие беру, білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны, өзінің кәмелетке толмаған балаларының құқықтары мен мүдделерін қорғамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Сондай-ақ балаларының қараусыз жүруіне әкеп соғатын ата-аналардың жауапкершіліксіздігі ата-ана құқығынан айыру мүмкін, – дейді Петропавл қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру