Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері оқушылар мен ардагерлерге құрмет көрсетті

Петропавл полицейлері оқушылар мен ардагерлерге құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясын ұрпақтар кездесуімен аяқтады.

Қалалық полиция басқармасының мәжіліс залында жеке құрам, ішкі істер органдарының ардагерлері, оқушылар мен олардың ата-аналары жиналды. Кездесудің себебі – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл. Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов петропавлдық учаскелік полиция инспекторларының отбасылық жанжалдармен байланысты шақыртуларға барған кездегі ерлік әрекеттері туралы айтып берді. 1990 жылы болған осындай оқиғалардың бірінде милиция майоры Алексей Щербаков ауыр жарақат алды. Учаскелік инспектор Жұмысшы кентіндегі үйлердің бірінде болып жатқан отбасылық жанжалға аттанды. Бұрын сотталған бұзақы қауіпті ұстарамен инспекторға жарақат салды. ІІО ардагері осындай оқиғаларды естен шығармау қажет екенін, ең бастысы – мұндай оқиғаларға жол бермеу керек екенін атап кетті. Полиция қызметкерлерімен қатар ардагерлерге де қарапайым азаматтардан талап-тілектер келіп түседі екен. Олардың көпшілігі қоғамдық тәртіпті сақтаумен байланысты. Ақсақалдар азаматтардың осындай хабарламаларына ден қойып, тиісті қызметтерге жібереді.

Белсенді азаматтық ұстанымы мен полицияның жас қызметкерлерін тәрибелеудегі көмегі үшін бірқатар ардагерлер полиция басақармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында – Александр Дёров, Ерболат Әбдіқасымов, Жаңылдык Баймендина, Оксана Рындина бар.

Алғыс сөздер акция шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында суреттер салған мектеп оқушыларына да арналды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, балалар суреттерді беріліп, ерекше ынтамен салған. Нәтижесінде үздік жұмыстар таңдалып алынды. Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар Мәлғаждар Ясминаға, Кристина Воронинаға, Құдайберген Мединаға, Жұмабекова Азалияға және Жамалиев Дидарға берілді.

Жуырда, «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы шеңберінде қалалық полиция басқармасының қызметкерлері «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен бірлесіп, аз қамтылған отбасыларға барып қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Полицейлер мен партиялықтар азық-түлік себеттерін таратты. Заң бұзушылықтар орын алған жағдайда хабарласатын байланыс нөмірлерін беріп, кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру