Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері қоқысты уақтылы шығармаған мердігерді жауапқа тартты

Петропавл полицейлері қоқысты уақтылы шығармаған мердігерді жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тазалығын сақтау мәселесі Петропавл тұрғындарын алаңдатуда. Осы орайда қала тұрғындары әлеуметтік желіде наразылықтарын білдіріп жатады. Желі қолданушыларының бірі орналастырған бейне жазбада Алматы көшесінде уақтылы шығарылмай, контейнерлердің айналасында шашылып жатқан қоқысты көруге болады.

«Жел үрлегенде, үй ауласына жағымсыз иіс тарайды», – депті жазбада. Аталған аумаққа қызмет көрсететін №9 учаскелік полиция пунктінің қызметкері тексеріс жүргізді. Нәтижесінде мердігер ұйымның басшысы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Контейнерлер тұрған алаң тазартылды. 

– Халықтың өзекті сауалдарына жедел ден қою – полиция жұмысындағы негізгі қағидалардың бірі, – деді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин. – ҚР ІІМ «102» ресми мобильдік қосымшасы аса тиімді. Аталған қосымша полицияға жасалған қылмыс немесе құқық бұзушылық туралы кез-келген ыңғайлы форматта: аудио немесе бейне қоңырау шалу, мәтіндік немесе дыбыстық хабарлама жасау, фото немесе бейне материалды қоса жіберу арқылы хабарлауға мүмкіндік береді.

Маңызды ерекшелігі – өтініш жіберілгеннен кейін бірден тіркеледі. Нәтижесінде арызданушыға өтініші бойынша қабылданған шаралар туралы автоматты түрде хабарлама жіберіледі. Жыл басынан қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығы «102» қосымшасы бойынша 180 өтінішті қабылдады. Көп жағдайда адамдар тыныштықты және жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша жүгінеді.

Жалпы жыл басынан облыс орталығында абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 2467 әкімшілік хаттама толтырылды, оның 15-і заңды тұлғаларға қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру