Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері сауықтыру лагерінде жүрген балалармен кездесті

Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері “Достық” сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әртүрлі жастағы 300-ге жуық баланың алдында криминалист, патрульдік полиция батальонының инспекторлары және ювеналдық полиция бөлімінің бастығы сөз сөйледі.

Жолдарда көліктердің қарқынды қозғалысы барысында, электрсамокаттары мен велосипедтерде жүру кезінде, су айдындарында ересектердің қарауынсыз шомылған уақытта басты қағидаларды сақтамау жаз айларында балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. Кездесудің мақсаты – балаларға осы жайлы айту, ықтимал қауіптерден сақтау, құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіру.

Сарапшы-криминалист жедел-тергеу тобы құрамында ол және оның әріптестері барлық қылмыс пен оқиғаларға шыққан кезде алып жүретін чемоданы мен оның ішіндегі құрал-жабдықтарды көрсетті. Полиция қызметкері иіс туралы ғылым — одорологияға тоқталып, қылмыстарды ашу кезінде аса қажет саусақ іздерін алу алгоритмін көрсетті.

Патрульдік полицейлер де өз қызметі туралы айтып, киімдерімен және арнайы құралдарымен таныстырды. Полиция қызметіне қызығушылық білдіргендер дауыс зорайтқыш құрылғымен, бейнекамералармен және жарқылдауық маяктармен жабдықталған патрульдік автокөлікке отырып көруге мүмкіндік алды.

Ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Жанат Мұстафина да балалармен әңгімелесті; жасөспірімдерге сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдердің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жүрген жағдайда көзделген жауапкершілік туралы айтылды.

Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, балаларға арналған сауықтыру лагерлерінде полиция қызметкерлері мұндай кездесулерді жылдағы дәстүрге сай өткізіп тұрады. Келешекте ұлдар мен қыздардың полиция қызметкері болып, халық пен мемлекеттің игілігі үшін қызмет етуі мүмкін. Сондықтан кездесулер алдын алу сипатында ғана емес, кәсіптік бағдар беру үшін де өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру