Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері Тоқсан би көшесіндегі көлік тұрағының ережесін түсіндірді

Петропавл полицейлері Тоқсан би көшесіндегі көлік тұрағының ережесін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер базарлар мен сауда үйлері орналасқан Петропавл қаласындағы Тоқсан би көшесіндегі жол инфрақұрылымын ұйымдастыруға байланысты жағдайды түсіндірді. Бірқатар қала тұрғындары автокөліктердің заңсыз қойылғанына шағымданса, ал басқалары жолдың осы бөлігіндегі көлік тұрағының ережесін түсіне алмайды. Осы жайлы қалалықтар өздерінің түсінбеушіліктерін әлеуметтік желілер арқылы көрсетіп жатады.СҚО Полиция департаменті Әкімшілік порлиция басқармасының қызметкерлері жолдың осы бөлігіне тексеріс жұмыстарын жүргізді. Полицейлер жол жүрісі ережесіне сәйкес қиылысқа 30 метр жақын жерге автомашинаны қоюға тыйым салынғанын еске салады. Бұдан бөлек, бұл көшеде көлікті бір жағына ғана қоюға болады.

– Бұл бөлікте автомобиль қозғалысы қарқынды. Тоқсан би көшесінің ені екі жағынан да автокөліктерді қоюға мүмкіндік бермейді, өйткені бұл жағдайда жүрубөлігінің ені жеті метрге жетпейді, бұл «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу» 3.01-101-2013ҚР ЕЖ Ережелер жиынағының 8.2.1-тармағына сәйкес келмейді және басқа автомобильдердің жүруіне кедергі жасайды, – деді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспанов.

Жергілікті тұрғындар бұл мәселеге қатысты өз ұстанымдарын білдірді. Олар негізгі аргумент – қауіпсіздікке сілтеме жасай отырып, көлік құралдарының жолдың екінші жағында заңсыз тұруына наразы. Тоқсан би көшесінің жұп жағында, яғни Интернациональный көшесінен Абай көшесіне дейінгі аралықта автомобильдердің қауіпсіз жүруі үшін көлік құралдарын қоюға тыйым салынды. Бұған «Тоқтауға тыйым салынады» жол белгісі дәлел болып табылады.

– Тоқтауға тыйым салынған жол белгісінің жақсы көрінуі үшін Интернациональный көшесіне 60 метр жақындатылады, – деді учаскені қарап шыққан полицейлер.

Көшенің бір жағынан көлік тұрағына қосымша орындар бар. Сондай-ақ, полицейлер жол белгілері болмаған жағдайда автомобильдер жолдың жүру бөлігіне параллель бір қатарға қойылатынын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру