Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері тұрғындарға интернет-алаяқтық туралы жадынама таратты

Петропавл полицейлері қала тұрғындарына интернет-алаяқтық туралы 30 мың жадынама таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет алаяқтықтың алдын алуда петропавлдық полицейлер, прокуратура қызметкерлері мен еріктілер күш біріктірді. Тәртіп сақшылары көпқабатты және жеке меншік үйлердің аулаларын аралап, тұрғындарға желідегі алаяқтардың айлакерлік әрекеттерінің қауіптілігін жан-жақты түсіндіре отырып, егде жастағы адамдармен әңгімелесті.

Полицейлер алдын ала интернет алаяқтардың құрбанына айналмаудың жолы туралы ұсыныстары бар ерекше жадынамалар әзірлеп, басып шығарды. Нұсқамалықтан кейін полицейлер, қалалық прокуратура қызметкерлері мен «СҚО бойынша құқықтық қолдау орталығы» ҚБ еріктілері санынан құралған бірлескен топ облыс орталығының барлық аудандарын барынша қамтитын 25 бағытқа бөлінді.

Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатовтың айтуынша, осындай акция тұрақты өткізіледі. Жедел уәкілдер, тергеушілер, учаскелік инспекторлар аппарат бөліністерінің қызметкерлері – «дала жағдайында» нарядтар мен кезекшіліктен бос ПБ барлық жеке құрамы қатысады.

Полицейлердің міндеті – осал топтағы қалалықтармен: интернет алаяқтықтардың әрекеттерінен сақтандыратын профилактикалық видео мен посттарды көрмеген зейнеткерлермен, яғни әлеуметтік желілерді жиі қолданбайтын адамдармен жеке әңгімелесу. 30 мың дана жадынама басып шығарылып, екі күннің ішінде петропавлдықтарға таратылды. Интернет алаяқтықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешені жалғасуда.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының ақпараты бойынша, өткен жылы екі мыңнан астам хабарландыру тексеріліп, сайттардың әкімшілігі арқылы 120 аса жалған аккаунттар мен хабарландырулар бұғатталды. СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың бұйрығымен құрылған мамандандырылған топ жүзден астам интернет-алаяқтық фактісін ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру