Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жүк көлігінің мас жүргізушісін ұстады

Петропавл полицейлері жүк көлігінің мас жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қарашада петропавлдық дүкендердің бірінің жанында 47 жастағы қала тұрғыны басқарған ГАЗ 3302-14 автокөлігі тоқтатылды, жүргізушіден алкоголь иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру масаң күйде кендігін көрсетті.

Ер адам рөльге отыруының себебін жұмысқа шақыртуға байланысты деп ақталмақ болған. Барлық жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретінін жүк көлігінің жүргізушісі ойламаған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша көлікті масаң күйде жүргізгені үшін хаттама толтырылды.

– Соңғы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында барлығы тоғыз мас жүргізуші анықталды. Осындай фактілерді анықтау 22 қарашадан өткізіліп отырған “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты. Күшейтілген қызмет түріне 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Масаң күйде көлік жүргізуге жол жоқ, ішімдік ішіп, рөльге отырғандарға заңнамамен көзделген ең қатаң шаралар қолданылады. Атап айтқанда 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Екі күнде облыс жолдарында 880 түрлі құқық бұзушылық анықталды, оның 262-сі облыс орталығында, 229-ы қала сыртындағы жолдарда. Өрескел бұзушылықтардың ішінде – 17 маневр жасау қағидаларын бұзу, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтудің 14 жағдайы, жылдамдықты асырудың 12 фактісі тіркелді. Жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру